Петропавлда «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен Инклюзивті спорт орталығының құрылысы басталды. Жаңа әлеуметтік нысан өңірде қолжетімді спорт инфрақұрылымын дамытуға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдауға бағытталған маңызды жоба болмақ. Салтанатты капсула салу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, спортшылар мен ардагерлер қатысты.

Жоба Samruk-Kazyna Trust қорының қолдауымен жүзеге асырылып, өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы саналады.

СНХР: ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жаңа орталық заманауи көпфункционалды кеңістік болады. Мұнда адаптивті және ойын түрлеріне арналған спорт залдары, жаттығу және күрес залдары, 4 жолақты бассейн, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға толық бейімделген инфрақұрылым қарастырылған.

СНХР: ҒИБРАТ АУҒАНОВ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

СНХР: АЛЕКСАНДР ГЕРЛИЦ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ, ПАРАЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ

Осындай жобалар алдағы уақытта еліміздің өзге өңірлерінде де жүзеге асырылмақ. Бұл инклюзивті спорт инфрақұрылымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысында спорт инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Биылдың өзінде өңірде ондаған жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді.