Жеңіс күні қарсаңында өңірде бірқатар санаттағы азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жыл сайын 7 және 9 мамыр мерекелеріне орай берілетін қаржылай көмектің биылғы мөлшері бекітілді. Бір өкініштісі, өңірімізде Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлері қалмады. Дегенмен, тыл еңбеккерлері мен соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға қолдау шаралары жалғасуда.
Атап айтқанда, еліміздің барлық облысы бойынша соғыс жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендері мен медальдарымен марапатталған азаматтар 5 және 8 айлық есептік көрсеткіш, яғни 21 мың 625 және 34 мың 600 теңге көлемінде жәрдемақы алады. Сондай-ақ, соғыс жылдарындағы жарақат салдарынан қайтыс болған мүгедектердің жұбайлары бойынша – 136 адам тіркелген. Оларға 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Ал фашистік лагерьлерде, геттоларда және басқа да мәжбүрлі ұстау орындарында болған кәмелетке толмаған тұтқындар саны – 7 адам. Оларға 112 мың 450 теңге мөлшерінде біржолғы көмек қарастырылған. Бұдан бөлек, қоршаудағы Ленинград қаласында еңбек еткен 5 азаматқа 16 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 69 мың 200 теңге төленеді. Бүгінде СҚО-да 32 тыл еңбеккері бар. Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлеріне теңестірілген азаматтардың бірнеше санаты тіркелген.
СНХР: ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ