Бүгін есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері мен балалар кинологиялық қызмет орталығына барды. Экскурсия барысында олар қызметтік иттердің дайындығымен танысып, олардың күнделікті қызметін көзбен көрді.

Орталық 2008 жылы құрылған. Содан бері мұндағы төрт аяқтылар құқық қорғау органдарына қылмыстарды ашуда үлкен көмек көрсетіп келеді. Мұнда барлығы 48 ит бар. Оның ішінде есірткі іздейтін, із кесуші, жарылғыш заттарды іздейтін, күзетші сондай ақ, қылмыс орнында жұмыс істейтін иттер бар. Әрқайсысымен күніне 3 сағат жұмыс істеу жеткілікті. Мамандардың айтуынша иттерді 2 жасқа дейін үйреткен дұрыс. Қызметтік төрт аяқтылардың бір бөлігі аудандық полиция бөлімдерінде, қалғаны осы орталықта.

Снхр: САМАТ ТӨЛЕБАЕВ – СҚО ПД КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Иттерді даярлау орталық базасында, сондай-ақ Алматы қаласындағы арнайы кинологиялық орталықта жүргізіледі. Мұнда көбіне неміс және бельгиялық овчаркалар, лабрадорлар, ретриверлер мен спаниельдер қолданылады.

Снхр: КАРИНА ГНЕДАЯ - ЕСІРТКІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕСІ

Қызметтік иттерді үйрету – ұзақ әрі жауапты процесс. Жалпы, иттерді үйрету 4 айлығынан басталып, 2,5–3 жасқа дейін жалғасуы мүмкін. Ал олардың қызмет ету мерзімі шамамен 8 жылды құрайды. Экскурсия барысында балалар қызметтік иттермен жақын танысып, олардың қабілеттерін қызыға тамашалады.

Айта кетейік, қызметтік иттер – тәртіп сақшыларының сенімді серігі. Олар қылмыстың ізін суытпай, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосып келеді.