Жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтау – баршаға ортақ міндет. Әсіресе, жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстары маңызды. Осыған байланысты облыс орталығында арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

Мағжан Жұмабаев атындағы IT-лицейде өткен кездесу 1–7 сынып оқушыларына арналды. «Жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі» тақырыбында өткізілген іс-шара 150-ге жуық баланы қамтыды. Ұйымдастырушылар – облыстық прокуратура, Петропавл қаласының білім бөлімі мен әкімшілік полиция.

СНХ: ЗАРИНА ҚАЙЫРЖАНОВА, «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» КММ ОҚУ ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСКЕРІ

Кездесу барысында мамандар оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, қауіпсіздік талаптары практикалық түрде көрсетілді.

СНХ: ДИАС АШЕРОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 15 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 3 адам мерт болып, 17-сі түрлі дене жарақатын алған.