Қазан қаласында өткен гір көтеру спортынан халықаралық жарыстан жерлесіміз олжалы оралды. Ауыр атлетикадан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 63 жастағы Ерік Әлібаев байрақты бәсекеде үш бірдей алтын медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте 2-ші орынға тұрақтады. Теміржол вокзалынан спортшыны туған-туыстары мен жақындары зор қошеметпен қарсы алды. 

Ерік Әлібаев жарыста 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, 60–65 жас санатындағы ардагерлер арасында сынға түсті. Халықаралық турнирге жалпы саны 370 спортшы қатысты. Бұл додаға жерлесіміз бір жарым ай бойы дайындалған.

СНХР: ЕРІК ӘЛІБАЕВ, АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Жеңімпазды туыстары мен жақындары Петропавлда темір жол вокзалынан құшақ жая қарсы алды. Олар спортшының қуанышымен бөлісіп, оның 30 жылдан астам уақыт осы спорт түрімен табанды түрде айналысып келе жатқандығын, оның еңбекқорлығы жастарға үлгі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Ерік Әлібаевтың жаттықтырушы ретіндегі жолы да жас спортшыларға өнеге болып, спортқа деген қызығушылықты арттыратынын жеткізді.

СНХР: АҚЫЛЖАН ӘЛІБАЕВ, АҒАСЫ

Үш күнге созылған жарысқа Ресейдің 29 өңірінен және 9 мемлекеттен спортшылар қатысты. Бірінші күні ұзын цикл, екінші күні серпе көтеру, ал үшінші күні екі қолмен жұлқа көтеру жаттығулары бойынша мықтылар анықталды.

Айта кетейік, спортшы мамыр айында өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысып, ел намысын қорғайтын болады.