Бүгін облыстық әкімдікте облыс әкімінің қатысуымен жиын өтті. Кездесу барысында 15 наурызда өткен референдумның маңызы айтылып, оның ел өміріндегі рөліне ерекше назар аударылды. Салтанатты жиында саяси науқанға белсене қатысқан өңір азаматтарына Мемлекет басшысының атынан алғыс хаттар мен арнайы наградалар табысталды.

Жиын барысында облыс әкімі жаңа Конституцияның маңызына кеңінен тоқталды. Өңір тұрғындарының белсенділігі мен бірлігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттерге назар аударды. Ғауез Торсанұлы өз сөзінде бұл бастама елдің болашағына бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ел өміріндегі маңызды науқанға белсене қатысқан бірқатар азаматқа Мемлекет басшысының атынан Алғыс хат табысталды. Мұндай құрметке бөленгендердің қатарында «Әділетті және програссивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» коалициясы филиалының мүшесі, «Қызылжар» телеарнасының директоры Разия Нижатқызы Ыдырасбаева да бар. Сондай-ақ, телеарна операторы Қуанар Абдрахманов та өз жұмысы үшін лайықты марапатқа ие болды. Ел Президенті атынан Алғыс хат табысталғандардың қатарында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Кемел Оспанов та бар. Ол мұндай құрмет үшін дән риза.

КЕМЕЛ ОСПАНОВ, “ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ” КММ БАСШЫСЫ

Бүгінгі жиын жаңа Конституцияның маңыздылығын және өңір азаматтарының белсенділігін көрсетті. Марапатқа ие болғандар олардың елдің болашағы мен конституциялық өзгерістерді іске асыруға қосқан үлесін мойындаудың көрінісі болды.