2026 жылғы 12 наурыздан бастап Қазақстанда жұмыс берушілер Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне еңбек шарттарын міндетті түрде енгізуі тиіс. Шарттар мен олардың өзгерістері уақытында тіркелмесе немесе дұрыс көрсетілмесе айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері бизнес көлеміне және бұзушылықтың қайталануына байланысты анықталады.

Бүгін облыс орталығында «RE:WOMEN» Әйелдер қауымдастығы мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы семинар ұйымдастырды. Жиынға қатысушылар жаңа жүйе мен деректерді енгізудің ережелері туралы ақпарат алды. Оларға айыппұлдар мен деректерді түзету мерзімдері түсіндірілді.

ӘСЕЛ ҚҰНАНОВА, «RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «RE:WOMEN» ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ СҚО БОЙЫНША ТӨРАЙЫМЫ

Семинарға келген қатысушыларға Астана қаласынан шақырылған еңбек қатынастары жөніндегі сарапшы түсіндіру жүргізді. Ол қатысушыларға жаңа жүйеде еңбек шарттарын дұрыс тіркеу мен қателіктерден қалай сақтану керегін түсіндірді.

БАҚЫТЖАН МҰҚАШЕВА, ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫ

Жиынға 20-дан астам адам қатысып, олар жаңа талаптар бойынша өзекті ақпарат алып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап ала алды.