«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, өткен тәулікте Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 13 см-ге көтерілген. Ал Петропавл су қоймасындағы су деңгейі 10 см-ге төмендеген. Чистополье ауылы маңындағы Аққанбұрлық өзенінде су деңгейі 136 см артқан, Гусаковка маңындағы Бабық Бұрлық өзенінде 112 см көтерілген. Шарық өзенінде су деңгейінің 30 см дейін төмендегені байқалады. Ал Шопты көл маңындағы Есіл өзенінде 18 см төмендеген. СҚО 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында ауа температурасының одан әрі жоғарылауына байланысты қардың жылдам еруі, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Соның салдарынан автожолдарды су басуы және су жайылуы мүмкін.