Шал ақын ауданындағы «Аю-тас» балалар лагерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл осы мақсатқа 20 миллион теңге бөлінген. Қазіргі уақытта лагерьде 7 адам жұмыс істеп жатыр. Барлық жөндеу жұмыстарды алдын ала белгіленген кестеге сәйкес толық аяқтау жоспарланған.
Биыл лагерьдегі ағымдағы жөндеу жұмысына 20 миллион теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда есіктер мен асхананың төбесі ауыстырылып, еденге жаңа жабын төселіп жатыр. Ал, былтыр 77 млн теңгеге нысанда бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылған болатын.
СНХР: БҰЛБҰЛ АХМАДИҚЫЗЫ, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қазіргі таңда лагерьде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының шамамен 80 пайызы аяқталған. Барлық қажетті құрылыс материалдары жеткізілгендіктен, жөндеу уақытылы аяқталады деп жоспарланып отыр.
СНХ: БОЛАТ ӘЛЖАНОВ, БРИГАДИР
Айта кетейік, барлық жұмыстар толық 1 мамырға дейін аяқталмақ. Жалпы, «Аю - тас» лагері Шал ақын ауданындағы балаларға арналған жалғыз сауықтыру орны. Мұнда жыл сайын шамамен 750 бала демалады. Көршілес ауданнан да оқушылар келіп, жазғы уақытын тиімді өткізеді.