Петропавл қаласындағы Еуразиялық банктің №14 филиалы ашылғанына 20 жыл толуын атап өтуде. Осы уақыт ішінде филиал шағын кеңседен заманауи желіге айналып, бүгінде бес бөлімшені, мыңдаған клиент пен сенімді серіктестерді біріктіріп отыр. Банк өңірдің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, әлеуметтік бастамаларды қолдайды, қиын кезеңдерде көмек көрсетеді және бизнестің дамуына жағдай жасайды.

Петропавл қаласындағы Еуразиялық банктің №14 филиалы 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Салтанатты жиын Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының қабырғасында өтті. Мұнда банк қызметкерлері мен серіктестері бас қосты. Филиал тарихы 2006 жылдың 19 қаңтарында тіркелген сәттен басталады. Ал бірнеше аптадан кейін, 13 ақпанда алғашқы клиенттер қабылданды. Осы күннен бастап даму мен сенімге негізделген жол басталды.

СНХР: АБЫЛАЙ САУТОВ – «ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК» АҚ №14 ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Бүгінде филиал – бес бөлімшеден тұратын ауқымды желі. Оның екеуі Петропавл қаласында, ал үшеуі Тайынша, Мағжан Жұмабаев және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда орналасқан. Бұл – клиенттерге жылдам қызмет, жайлы орта және кәсіби қолдау ұсынатын заманауи технологиялық кеңістіктер. Әр күн – жаңа міндеттер мен шешімдер, ортақ тарихтың жаңа жетістіктері.

СНХР: АЙНАГҮЛ ДӘУЛЕТБАЕВА – «ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Еуразиялық банктің тарихы – ең алдымен оның клиенттері мен серіктестерінің тарихы. Кеш барысында олардың бірқатары алғыс хаттармен марапатталып, банкке жылы лебіздерін білдірді. Бүгінде №14 филиал банк жүйесіндегі ең үздік бес филиалдың қатарына сенімді түрде кіреді.

СНХР: ҒАЗИЗ ЕРМЕКОВ, «ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазіргі заманғы банк – тек қаржылық қызмет көрсету орны ғана емес. Ол – қоғам өміріне белсенді араласатын ұйым. Отбасыларға қолдау көрсету, қиын сәттерде көмек беру және бизнесті дамыту – осының барлығы банк қызметінің ажырамас бөлігі. 20 жыл – жай ғана уақыт емес. Бұл – мыңдаған клиенттің тағдыры, жинақталған тәжірибе және болашаққа сеніммен қарайтын біртұтас команда.