ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті өткен жылды қорытындылады. Брифинг барысында табиғи монополиялар саласындағы заң бұзушылықтар мен тарифтік саясатқа қатысты деректер айтылды.

2025 жылы табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін облыс бойынша 14 әкімшілік іс қозғалған. Нәтижесінде монополия субъектілеріне жалпы сомасы 52 миллион 951 мың 845 теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Оның ішінде 19 миллион теңгеден астамы өндіріліп алынса, 32 миллион теңгеден астамы атқарушы органдарда мәжбүрлі орындауда тұр. Сондай-ақ, департаментке өткен жылы табиғи монополиялар субъектілері мен қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен барлығы 105 өтінім түскен. Оның 64-і бекітіліп, 41-і кері қайтарылған. Мамандардың айтуынша, тарифтердің өзгеруіне инфляция деңгейіне индекстеу, стратегиялық тауарлар құнының өсуі және инвестициялар қажеттілігі әсер етеді.

СНХР: АЛМАТ СЕЙДАХМЕТОВ, ҚР ҰЭМ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ