27 наурыз- Халықаралық театр күніне орай Облыстық қуыршақ театрында премьера өтті. Жас Көрерменге “Алдар көсенің дүрбісі” атты спектакль ұсынылды. Қойылым заман талабына сай өңделген. Сондай-ақ, бұл күні театрдың бірқатар қызметкері құрметке бөленіп, марапатталды.
Спектакльді дайындау шамамен жарты жылға созылған. Бұл — классикалық ертегіге жаңаша көзқараспен қарап жасалған ерекше қойылым. Пьеса заманауи үлгіде өңделген.
СНХР: АЙБОЛ ҚАСЫМ - ОБЛЫСТЫҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
Сюжет желісі бойынша басты кейіпкер Алдар сиқырлы дүрбіні тауып алады. Сол арқылы ол болашақты, яғни қазіргі заманды көре алады. Бүгінгі балаларға жақсы таныс «Өрмекші адам», «Найзағай Маккуин», «Маша» сынды Марвел, Диснейдің кейіпкерлері де көрініс табады. Режиссердің айтуынша, дәл осы ерекшелік спектакльді балаларға жақын әрі түсінікті етеді.
СНХР: АЛЕКСЕЙ ВАСИЛЬЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ БАС РЕЖИССЁРЫ
Қойылымнан кейін, салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Онда мәдениет саласының дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан қуыршақ театрының бірқатар қызметкері түрлі аталымда марапқа ие болды. Айталық театрдың көркемдік жетекшісі Айбол Қасым “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.