Бүгін облыс орталығында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Тұрақты педагог: қазіргі әдістеменің цифрландырылуы және ағылшын тілін оқытудағы үздіксіз даму» атты халықаралық форум өтті. Іс-шарада білім беруді цифрландыру, заманауи әдістемелерді енгізу және жасанды интеллектіні қолдану мәселелері талқыланды. Форумға Қазақстанмен қатар шетелдік сарапшылар да қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Форум аясында пленарлық және секциялық отырыстар ұйымдастырылды. Педагогтер цифрлық құралдарды қолдану, оқытуды жекешелендіру және тілдік дағдыларды дамыту бағытында жұмыс жүргізді. Әр топ нақты білім беру өнімдерін әзірлеп, оларды тәжірибеге енгізу жолдарын ұсынды.

ӘСЕЛ ЖАҚСЫЛЫҚОВА, “ӨРЛЕУ” БАҰО” АҚ СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ

Қатысушылар оқыту сапасын арттыруда цифрлық құралдар мен жаңа әдістемелердің тиімділігін қарастырды. Форумға көпжылдық тәжірибесі бар мамандармен қатар, мамандыққа жаңадан қосылған жас педагогтер де қатысты. Практикалық сессияларда мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа идеялар ұсынды.

БЕЙНЕГҮЛ БЕКБОЛАТОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ-ДІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ

Мұндай семинар өңірде дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.