Қызылжар ауданында көктемгі су тасқынына дайындық қызу жүріп жатыр. Айталық, көшелерді тазалау, қар шығару және бөгеттерді нығайту жұмыстары қолға алынған. Тұрғындар мен мамандар ықтимал су басудың алдын алу үшін сақтық шараларын күшейтуде. Биылғы қыс қарлы болғанымен, шамадан тыс емес, дейді жергілікті тұрғындар. Соған қарамастан, Қызылжар ауданында су тасқынына дайындық күшейтілген. Ауыл тұрғындарына көмек ретінде көшелерді тазалауға арнайы техника бөлінген.

СНХР: ОКСАНА СКЛЯРОВА – БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бүгінгі күнге дейін Қызылжар ауданында 120 мың текше метр қар шығарылған. Жұмыстар әлі де жалғасуда. Негізгі назар су басу қаупі бар Бескөл, Прибрежное, Тепличное ауылдары мен басқа да ауылдық округтерге аударылған. Қар тәулік бойы шығарылып жатыр.

СНХР: БАҚТИЯР БИКЕНЕВ – ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қызылжар ауылдық округінде шамамен 3 200 адам тұрады. Қар шығару жұмыстары ақпан айының ортасында басталған. Байтерек ауылында 15 көше тазартылды.

СНХР: НҰРСҰЛТАН ҚУАТОВ – ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Ауданда құм толтырылған қаптар да дайындалуда. Қосымша 250 мың қап сатып алынған. Кез келген уақытта көмекке шығуға дайын 100 техникамен келісімшарт жасалған. Аудандағы 19 ауылдық округтің әрқайсысында өз күштері жұмылдырылатын болады.