Облыста қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда. Жыл басынан бері сырқаттанғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 53,6%-ға төмендеген. Мамандар аурудың алдын алуда вакцинацияның маңызын ерекше атап өтті.
Жыл басынан бері облыс бойынша зертханалық расталған 19 жағдай тіркелді. Салыстырмалы түрде, 2025 жылдың осы кезеңінде 41 жағдай анықталып, бұл көрсеткіштің айтарлықтай төмендегенін байқатады. Ауру жұқтырғандардың 89,5%-ы қызылшаға қарсы вакцинацияның толық курсынан өтпеген. Осыған байланысты балаларды жоспарлы емдеуге жатқызуға қойылатын талаптар күшейтілді. Енді тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар балаларды қоспағанда, жоспарлы түрде стационарға жатқызу үшін кемінде 21 күн бұрын қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы вакцинация жүргізілуі тиіс.
СНХР: ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ