Бүгін жаңа Ата заң қабылданғаннан кейінгі мәжілістің алғашқы жалпы отырысы өтті. Жиында Ерлан Қошанов негізгі жұмыс енді қыза түсетінін айтты. Себебі алдағы жоспар ауқымды. Парламент қарауына Президент, Құрылтай, Халық Кеңесі, Астананың мәртебесі және еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы жаңа 8 конституциялық заң енгізіледі. Сондай-ақ қолданыстағы 60-тан астам түрлі заңға түзетулер енгізу қажет. Тіпті кейбір кодекстерді қайта жазып шығуға тура келуі мүмкін - деді.
СНХ: ЕРЛАН ҚОШАНОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ