С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада ұлттық киім күні ерекше форматта аталып өтті. Іс-шараның мақсаты - қазақтың дәстүрлі ұлттық нақыштағы киімінің маңызын айшықтап, оны насихаттау.
Зкт: Ұлттық киім тек сәндік элемент емес, халқымыздың тарихы мен мәдениетін бойына сыйдырған құндылық. Бүгінгі іс-шарада бишілердің нәзік әрі ырғақты қимылдары арқылы қазақы киімнің байлығы, түсінің үйлесімі мен көркемдігі паш етілді. Өз топтамаларын ұсынған дизайнерлер де ұлттық заманауи стильдегі мерекелік образдарды таныстырды. Солардың бірі әйелдер мен ерлерге арналған бірегей киімдер тігетін шебер Анар Әбдірахманова да өз коллекциясын ұсынды.
СНХ: АНАР ӘБДІРАХМАНОВА, ДИЗАЙНЕР