Петропавл қаласы әкімдігінің қызметкерлері ұлттық дәстүрлерді құрметтейді. Бүгін «Наурызнама» онкүндігі аясында Ұлттық киім күні де атап өтілуде. Әкімдікте шамамен 300 қызметкер жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі мерекеге орай жұмыс орнында ұлттық киім киіп жүр.

Мемлекеттік қызметшілер әдеттегі қатаң іскерлік костюмдерін ұлттық киімдермен алмастырды. Қыз-келіншектердің күнделікті іскерлік киім үлгісі ұлттық ою-өрнекпен әсем үйлесім тауып, олардың нәзіктігі мен даралығын айқындай түсті. Ер азаматтар да шет қалмай, қазақы өрнекпен безендірілген киімдер киді. Ұлттық киім – халықтың мәдени кодының, терең дәстүрі мен тарихының айнасы, ол өзіндік болмыстың рухын сезіндіреді.

ЖҰЛДЫЗ ШАКИРОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ