Петропавл қаласында Әлихан Бөкейхан атындағы №25 орта мектеп базасында білім беру ұйымдарының басшылары арасында «ADILET CUP – 2026» облыстық дебат турнирі өтті. «Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі» тақырыбында ұйымдастырылған зияткерлік сайысқа облыстың әр ауданынан 34 білім беру ұйымының жетекшісі қатысты.

Турнирді әдістемелік орталық ұйымдастырды. Дебат жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Әр жылы қатысушыларға қоғам мен білім беру жүйесінің өзекті тақырыптары ұсынылады. Биылғы турнир «Заң және тәртіп – әділетті қоғамның негізі» тақырыбына арналды. Қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы білімнің рөлін, әділдік пен жауапкершілік мәселелерін кеңінен талқылады.

СНХР: ТІЛЕК СҰРАҒАН – БАС ТӨРЕШІ

Турнир американдық парламенттік форматта өтті. 34 қатысушы 17 командаға бөлініп, екі лигада бақ сынады, орыс лигасында – 9 команда, қазақ лигасында – 8 команда.

СНХР: ГҮЛМИРА ЖҮКЕНОВА – АҚЖАР АУДАНЫ МАЙ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Турнир қорытындысы бойынша үздік командалар мен спикерлер анықталып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және кубоктармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Жалпы, бұл дебат турнирі өңірдегі білім беру ұйымдары басшылары арасында тәжірибе алмасуға және пікірталас мәдениетін дамытуға үлкен мүмкіндік берді.