Петропавл қаласындағы City Mall сауда ойын-сауық орталығында «Digital Наурыз» аясында жасанды интеллект технологияларына арналған SKO Hub интерактивті акциясы өтті. Іс-шара өңірлік IT-хабтың бастамасымен ұйымдастырылып, қала тұрғындары арасында заманауи цифрлық технологияларды насихаттауға бағытталды. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – Цифрландыру жылы аясында жасанды интеллект технологияларының бүгінгі таңда күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналғанын көрсету және қала тұрғындарын цифрлық бағытта білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру болды. SKO Hub тағылымдамадан өтушілері арнайы әзірленген қосымшаларды таныстырып, жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін көрсетті.

СНХР: МИЛАН АЛКЕШЕВ, SKO HUB МЕНЕДЖЕРІ

Арнайы жобалардың бірін әзірлеген – Алмат Жанақов. Ол бұл іс-шара туралы бір ай бұрын біліп, тағылымдадан өтуші ретінде дайындық жұмыстарын бастаған. Нәтижесінде Наурыз мерекесіне арналған арнайы бағдарламасын ұсынды. Жоба арқылы қатысушылар белгілі бір элементтерді біріктіріп, жасанды интеллект көмегімен ерекше суреттерді жасау мүмкіндігіне ие болды.

СНХР: АЛМАТ ЖАНАҚОВ, SKO HUB АҒА ТАҒЫЛЫМДАМАШЫ

Қатысушылар шағын сауалнамаларға қатысып, цифрлық челлендждер мен ойын тапсырмаларын орындады. Белсенді тұрғындарға нейрожелілер бойынша тегін шеберлік сабақтарына сертификаттар табысталды.