18 наурыз – қазақтың дәстүрлі киімдерін дәріптейтін ерекше күн. Бұл күні адамдар ұлттық киім киіп, халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттайды. Ұлттық киімдер ата-бабамыздың тарихын, талғамын және тұрмыс-тіршілігін көрсетеді. Бұл мереке жастарға ұлттық құндылықтарды танытып, мәдени мұрамызды сақтауға шақырады.

Наурызнама онкүндігі аясында елімізде «Ұлттық киім күні» аталып өтуде. Ұлтымыздың ұлылығын айшықтайтын ұлттық киім әрқашан өз құндылығын жоғалтқан емес. Қазақы ою мен әшекейлер, сәукеле мен кимешек, шапан мен кең етекті көйлек ұлттық болмысымызды ерекшелеп тұратыны анық. Өңірімізде этно стильде киімдер тігіп, Солтүстік Қазақстанның тарихы мен мәдениетін насихаттауға бағытталған шығармашылықпен айналысып жүрген дизайнерлердің бірі – Айжан Колчина.

СНХР: АЙЖАН КОЛЧИНА – ДИЗАЙНЕР, «AQ QAIYN» ЭТНО-БРЕНДІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

Жақында дизайнер «Ботай» сәндік көрсетілімін өткізді. Коллекцияның алғашқы тұсаукесері Алматы қаласында «Home Kazakhstan» көрмесінде өтті. Кейін, 6 наурыз күні, Петропавл қаласында 8 наурыз мерекесіне арналған іс-шара аясында коллекция қайта таныстырылды. Жалпы дизайнердің командасында 4 адам жұмыс істейді. Сонымен қатар аутсорс негізінде бірнеше дизайнер бар. Олар шапандарға салынатын эскиздер мен суреттерді жасауға көмектеседі. Солардың бірі – Алексей Захаров. Ол 3д принтермен түрлі мүсіндер жасайды. Көздің жауын алатын неше түрлі туындылары бар. Тіпті өңіріміздегі ескерткіштердің кішірейтілген нұсқалары ерекше көзге түседі.

СНХР: АЛЕКСЕЙ ЗАХАРОВ – «QYZYLJAR CREATIVE CENTER» РЕЗИДЕНТІ, 3D БАҒЫТТЫҢ КУРАТОРЫ

Ботай мәдениетінің негізгі – жылқы болғандықтан, коллекцияда сіз Тұлпар бейнесін анық байқайсыз. Топтамадағы кейбір элементтер арнайы 3D принтермен жасалған. Айта кеткен жөн, бұл бұйымдардың барлығын 21 наурыз күні креатив орталығында өтетін сән көрсетілімінде көре аласыздар.