Петропавлда Наурыз мейрамы қарсаңында «Үш әулет-үш мәдениет-ортақ келбет» атты шығармашылық кеш өтті. Іс-шараны С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырды. Басты мақсат өңірде тұратын түрлі этностардың бірлігін, отбасы құндылықтарын насихаттау.

17 наурыз – Шаңырақ күні. Осыған орай ұйымдастырылған іс-шараға студенттер, зейнеткерлер, ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары және қала тұрғындары жиналды. Кеште қазақ, орыс және татар ұлтының отбасылары өнер көрсетіп, өздерінің дәстүрлері туралы әңгімеледі.

Снх: ГҮЛНӘР АҚЖІГІТОВА, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Ұйымдастырушылардың айтуынша, негізгі идея ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып, түрлі мәдениеттердің өзара түсіністігін арттыру, ортақ бейне жасау. Кеш барысында әр этнос өкілдері бір-бірінің салт-дәстүрімен танысып, отбасылық құндылықтарды бөлісті. Іс-шараға Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылынан келген Рахметалиндар отбасы қатысты. Отбасы мүшелерінің барлығы өнерге жақын. Түрлі аспаптарда ойнап, ән айтады.

Снх: САМАЛ РАХМЕТАЛИНА, ҚАТЫСУШЫ:

Наурыз қарсаңында өткізілген бұл іс-шара өңірдегі достық пен татулықты нығайтуға бағытталды. Кітапхана өкілдері мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады.