Көпбейінді облыстық ауруханаға қарасты кардиологиялық орталықта баспасөз туры өтті. Мамандар журналистерге жоғары технологиялық медициналық көмектің қалай көрсетілетінін көрсетті. 2025 жылы Медициналық қызметтер көрсету қорының облыстық филиалы 52 медицина ұйымымен келісім-шарт жасады. Соның ішінде көпбейінді облыстық аурухана негізгі қызмет жеткізушілердің бірі саналады.
Биыл медициналық ұйымдармен жалпы 19,5 млрд теңгеге келісім жасалып, оның 11,1 млрд теңгесі тегін медициналық көмек пакетіне, ал 8,4 млрд теңгесі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне бағытталған. Баспасөз туры жүрек тамырларын арнайы рентгенологиялық әдіспен зерттейтін коронографияны көрсету арқылы басталды. 400 мың теңге болатын диагностикалық әдіс пациентке тегін жасалды. Отаны кардиологиялық орталықтың интервенциялық кардиолог Дәурен Қожабек жасап шықты.
Снх: ДӘУРЕН ҚОЖАБЕК, СҚО КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ КАРДИОЛОГЫ:
Өткен жылы облыстық ауруханада 3 жарым мыңнан астам кардиологиялық ота жасалып, олардың жалпы құны 4 млрд теңгені құрады.
Снх: АМАНЖОЛ НҰРТАЗИН, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ СҚО филиалының БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Медициналық сақтандыру жүйесінде 15 жеңілдік категориясы қарастырылған. Сол топқа петропавлдық тұрғын Раиса Гребенюк те кіреді. Өкпе компьютерлік томографиясы кезінде дәрігерлер оның жүрегінен күмәнді белгілерді байқап қалған. Пациент бірден кардиологиялық орталыққа жіберіліп, қосымша тексеруден өтті және коронарография жасалды.
Снх: РАИСА ГРЕБЕНЮК, ЕМДЕЛУШІ
Мамандар облыс тұрғындарын профилактикалық тексерістерден жыл сайын уақытылы өтуге шақырады. Өйткені ерте диагностика – денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі.