Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясында «Ұлттық және халықаралық қауіпсіздік мүддесінде әскери білім берудің, ғылым мен технологияның инновациялық тәсілдері және жетілдіру» тақырыбында VIII халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов және Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Беларусь жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, күштік құрылымдардың офицерлері, сондай-ақ докторанттар, магистранттар мен курсанттар қатысты.
Конференция аясында әскери техника мен арнайы әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ әскери білім беру жүйесін жаңғырту, цифрландыру үдерісі, жасанды интеллектті енгізу және ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану мәселелері талқыланды. Мамандардың айтуынша, бұл технологиялар болашақ офицерлердің күрделі кәсіби міндеттерді тиімді орындауына мүмкіндік береді.
АРХАТ ТӘТТІМБЕТОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ АКАДЕМИЯСЫ МОРАЛЬДЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЦИКЛІНІҢ БАСТЫҒЫ
Жиын барысында бірқатар қатысушыларға ғылыми атақ аттестаттары табысталды. Сонымен қатар, арнайы тарихи баяндамалар оқылды. Соның бірі - «Сүйіндік және оның дәуірі» атты баяндама. Медицина ғылымдарының докторы Жанбатыр Сартаев қазақ батырының өмірі мен ерлігіне қатысты бұрын кеңінен айтылмаған деректермен бөлісті.
ЖАНБАТЫР САРТАЕВ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл конференция тәжірибе алмасуға және әскери білім мен ғылым жүйесін дамыту бағытындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.