Құрылтай сайлауы -2026
Қызылжар ауданы бойынша осы жолғы сайлауда дауыс беретін тұрғындар саны 31383 адамды құрайды. Таңмен таласа тұрып олардың барлығы аудан көлемінде жұмыс істеп тұрған 53 сайлау учаскелерінде өз таңдауларын жасауда. Солардың бірі Бескөлде орналасқан 269 сайлау учаскесі.
Бескөл ауылындағы №269 шы сайлау учаскесіндегі дауыс берушілер саны 1680 адам. Олардың 22-сі биылғы сайлауда өз өмірлерінде тұңғыш рет ел болашағын таңдау құқығына ие болған. Солардың бірі қос егіз Диана мен Даяна Мамбеталиновалар. Аталмыш учаскеге бекітілген олар сайлауға аналарымен бірге келіп, өз таңдауларын жасап алғаш рет дауыс берді.
СНХ: Даяна Мамбеталинова – сайлауға қатысушы
Сайлаудың маңыздылығы мен ерекшелігі жайында өмірлерінде алғаш рет дауыс берген қос егізге олардың анасы жан-жақты айтып түсіндірген. Бірінші рет өз таңдауларын жасаған қос қызымда әрине қобалжу бар дейді Жанби ханым.
СНХ: Жанби Мамбеталинова – егіздердің анасы, сайлауға қатысушы
Аудандық мәдениет үйі ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс беруші халықтың белсенділігі жоғары. Жаңадан құрылғалы тұрған құрылтайдан күтер үміт зор дейді олар.
СНХ: Серік Нұрақаев – сайлауға қатысушы
Осы күні аталмыш сайлау учаскесі жанында шағын жәрмеңке де үйымдастырылды. Онда дауыс беруге келген аудан тұрғындарын арзан бағаға азық-түлік, жұмыртқа мен көкніс алу мүмкіндігіне ие болды.