Негізгі Жаңалықтар Құрылтай сайлауы - 2026

Құрылтай сайлауы - 2026

Елімізде Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысында да барлық сайлау учаскесі штаттық режимде жұмыс істеуде. Соның бірі – Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде орналасқан №632 сайлау учаскесі. Мұнда 1582 сайлаушы тіркелген. Дауыс беру процесін 7 комиссия мүшесі ұйымдастырып, учаскеде белгіленген тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде. Қазіргі уақытта сайлаушылар дауыс беруге белсенді қатысуда. Оның барысын байқаушылар да бақылауда ұстап, сайлауда заң талаптарының сақталуын қадағалап отыр. Учаскеде әзірге ешқандай құқық бұзушылық тіркелген жоқ. 


СНХР: ӘСЕЛ ЖОЛДАҒАРИНА, БАЙҚАУШЫ

Бөлісу

Аймақтық телеарналар