Қазіргі қоғамда өз жолын таба алмай, бір мамандықтан екіншісіне ауысып жүрген жандар аз емес. Әсіресе жастар арасында бұл құбылыс жиі кездеседі. Бірі заңгер болуды армандаса, енді бірі психолог болсам ба деп ойланады. Кейбірі бір орында бірнеше жыл табанды еңбек етсе, енді бірі бір жылға жетпей жалығып жатады. Ал бүгінгі кейіпкеріміз өмірінің қырық жылдан астам уақытын бір ғана салаға арнаған жан.

Валерий Чершеев еңбек жолын 1979 жылы бастаған. Бүгінде өзі қызмет етіп жүрген оқу орны сол кезде СПТУ-80 Володарское деп аталған. Оның осы білім ордасында еңбек етіп келе жатқанына 42 жыл толып отыр.

ВАЛЕРИЙ ЧЕРШЕЕВ, «АЙЫРТАУ АУДАНЫ САУМАЛКӨЛ А. АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КММ ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ

Ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін Валерий Чершеев Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің үздігі» атағына ие болған, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталған. Талай шәкірт тәрбиелеп қанаттандырған ұстаздың ізін басқан түлектері бүгінде әріптесіне айналған.

ВЛАДИСЛАВ ПЕТРОВ, «АЙЫРТАУ АУДАНЫ САУМАЛКӨЛ А. АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КММ 3-КУРС СТУДЕНТІ

аналы ғұмырын жастар тәрбиесіне арнаған ұстаз үшін ел болашағы маңызды. Сондықтан ол жаңа Конституциясы жобасын қолдау – келер ұрпақтың тұрақты әрі жарқын болашағына жасалған қадам деп есептейді.

ВАЛЕРИЙ ЧЕРШЕЕВ, «АЙЫРТАУ АУДАНЫ САУМАЛКӨЛ А. АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КММ ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ

Жаңа Конституциясы бойынша жалпыхалықтық референдум 15 наурызда өтеді. Саяси науқанда азаматтар өз еркін білдіріп, маңызды шешім қабылдайды.