Солтүстік Қазақстан облысының бас полицейі оқушылармен кездісіп қауіпсіздікке қатысты негізгі мәселелерге тоқталып, жаңа заң туралы айтып берді. 

Абай Жүсіпов — СҚО ПД бастығы (Мемлекет басшысы өткен жылдың желтоқсан айында «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» жаңа Заңға қол қойды. «Заң және тәртіп» қағидаты – оның негізгі тұжырымдамасы.) 00332 00:04–00:18

КОРР: Облыстық полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларымен және «Жас сақшы» сыныбының тәрбиеленушілерімен кездесті. Кездесу барысында ол қауіпсіздікке қатысты негізгі мәселелерге тоқталып, ел көлеміндегі балалардың жол-көлік оқиғаларынан зардап шегуіне байланысты статистиканы келтірді.

Сондай-ақ полиция полковнигі Абай Қуатбайұлы есірткі мәселесіне тоқталып, есірткі заттарын өткізуге қатысқаны үшін, интернет-алаяқтарға дроппер ретінде көмектескені үшін және буллинг әрекеттері үшін заңда көзделген жауапкершілік туралы айтты.

Солтүстік Қазақстан облысында полицияның басшылық құрамы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына белсенді қатысуда. Жуық арада бұл бағыттағы түсіндіру шаралары Петропавл қаласының барлық мектептері мен колледждерін қамтиды.