22 ақпанда облыс бойынша шамамен 365 мың азамат енгізілген сайлаушылар тізімі учаскелік комиссияларға тапсырылды. Референдум 15 наурыз күні өтеді. Қазіргі уақытта өңірдегі барлық дауыс беру учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Аумақтық комиссиялар тарапынан түсіндіру және оқыту жұмыстары жүргізілуде. Дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асуда.
Егер азамат референдум күні тұрғылықты жерінде болмайтын болса, ол учаскелік комиссиядан есептен шығару куәлігін ала алады. Құжат 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін беріледі. Айта кету керек, есептен шығару куәлігі бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс беру үшін берілмейді. Ол тек елді мекеннен тыс жерге шығатын азаматтарға арналған.
ЕВГЕНИЙ МАМЫКИН, СҚО РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ