Есіл ауданының тұрғындары жаңа Конституцияны елдегі тұрақтылықтың кепілі деп санайды. Осы тұрғыда азаматтар өз ойларымен бөлісті.

«Жаңа Конституция – бұл тұрақтылық пен болашаққа деген сенімнің кепілі», - дейді ауыл тұрғындары. Құжатта Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты айқындалады. Әрбір азаматтың құқығы мен бостандығы оның туған күнінен бастап қорғалатыны бекітілген. Сондай-ақ, отбасын қоғамның негізі ретінде танып, ана мен әкенің баланың құқықтары мемлекет қамқорлығына алынған. Бұл азаматтарды қолдаудың берік құқықтық негізін қалыптастырады.

ГҮЛНАР БАЙМАНОВА, КІТАПХАНАШЫ, ЕСІЛ АУДАНЫ