Облыстық кітапханада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының орталық аппаратының өкілдері, сондай-ақ өңірлік бөлімшелер мен мердігер ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Кездесудің басты мақсаты – ұжымға ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, олардың елдің болашағы мен дамуы үшін маңызын жеткізу болды.
Қазіргі таңда республика көлемінде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру науқаны жалғасып жатыр. Осыған орай өңірге компанияның орталық аппаратынан делегация келді. Оның құрамында аппарат басшылығы, корпоративтік хатшы және бас мердігер ұйымның директоры бар. Делегация «ҚазАвтоЖол» облыстық филиалының ұжымымен және салалық сервистік бөлімшелердің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жалпы, мұндай ашық диалог алаңдары Жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаларын еңбек ұжымдарына тікелей жеткізіп, олардың мемлекет пен саланың дамуына ықпалын жан-жақты талқылауға мүмкіндік береді.
ЕРЛАН ЖҰМАҒҰЛОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ