Өңір басшысы «Радуга» ЖШС ұжымымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өткізді. Жиын барысында Ғауез Нұрмұхамбетов құжаттың негізгі бағыттары мен басымдықтарына кеңінен тоқталып, енгізілетін өзгерістердің маңызын түсіндірді.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Радуга» ЖШС ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіріп, кәсіпорын қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Кездесу азаматтарды ақпараттандыруға бағытталған ашық диалог форматында өтті.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кәсіпорын қызметкерлері, соның ішінде «Зеленый Север» жылыжай кешенінің бригадирі Диана Жантасова жаңа Негізгі заң жобасын талқылап, оның өңір мен елдің одан әрі дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

ДИАНА ЖАНТАСОВА, «ЗЕЛЕНЫЙ СЕВЕР» ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ БРИГАДИРІ

Облыс әкімі жаңа Конституция жобасы елдің қазіргі даму кезеңдерін көрсететінін, өңір мен мемлекеттiң тұрақты дамуына жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, азаматтармен ашық диалог қоғамның қажеттіліктерін тереңірек түсінуге және негізгі шешімдер қабылдағанда оларды ескеру мүмкіндігін береді. Еске салайық, 15 наурызда референдум өтеді, оның барысында әрбір азамат өз ұстанымын білдіре алады.