Күн сайын Жамбыл аудандық ауруханасының ақ халатты абзал жандары адам өмірі мен денсаулығын сақтап қалу жолында аянбай еңбек етеді. Шұғыл шақыртулар, үздіксіз кезекшілік, жауапкершілікке толы сәттер - медицина қызметкерлерінің күнделікті тіршілігінің ажырамас бөлігі. Жалпы, аурухана жұмысы қалай ұйымдастырылған? Денсаулық сақтау саласында бүгін қандай өзгерістер талқыланып жатыр?
Азамат Лезбаев - Жамбыл аудандық орталық ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері. Ол төрт жылдан бері ересектер мен балалардың өмірін арашалап, медицина саласында адал қызмет етіп келеді.
АЗАМАТ ЛЕЗБАЕВ — ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ АНЕСТЕЗИОЛОГ-РЕАНИМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ
Жамбыл ауданында 16 жарым мың адам тұрады, оның төрт мыңға жуығы - балалар. Мұнда медициналық көмек тәулік бойы көрсетіледі. Дәрігерлер науқастың жағдайының ауырлығына қарай көмекті жедел әрі тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін «3H» жүйесі бойынша жұмыс істейді. Кәсіби мәселелермен қатар медицина қызметкерлері алдағы референдумды да талқылауда.
АЗАМАТ ЛЕЗБАЕВ — ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ АНЕСТЕЗИОЛОГ-РЕАНИМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ
Жаңа Конституция жобасы азаматтардың денсаулығын қорғау нормаларын бекітеді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көздерін кеңейтуді, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат тартуды да қарастырады.