Алғыс айту күніне орай Петропавл қаласында «Құрт» акциясы басталды. Іс-шараны «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі ұйымдастырып отыр. 

Акция барысында қаламыздың басты көшесінде тұрғындарға құрт таратылды. Аталмыш шара – достыққа, толеранттылыққа, барлық адамдарға құрмет көрсетуге тәрбиелейді.

ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА – СҚО БОЙЫНША «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ ӨҢІРЛІК ӨКІЛДІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай іс-шаралар ел халқының бірлігін айқындайды. Тұрғындар да бұл ілтипатқа ризашылықтарын білдіріп, Алғыс айту күні туралы пікірлерін айтып, өздерінің тілектерін жеткізді.

Осылайша, бір уыс құрт арқылы ұйымдастырушылар алғыс пен ықыластың мәнін жеткізуді көздеді. Алғыс айту күні-тарихты ұмытпай, татулықты қадірлеуге үндейтін мереке.