Жамбыл ауданында шағын бизнес мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен дамып келеді. Кәсіпкерлердің айтуынша, тұрақтылық пен нақты ережелер – сенімді болашақтың негізі. Жаңа Конституция жобасын қабылдау жөніндегі референдум қарсаңында өңір тұрғындары азаматтық жауапкершілік пен ел тағдырына бейжай қарамайтынын жиі айтуда.
Пресновка ауылында кәсіпкер Марина Фельдман 2020 жылы азық-түлік дүкенін ашқан. Ол істі өз идеясымен бастап, «Бастау-Бизнес» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қолдау алған: оқудан өтіп, несие рәсімдеп, грант иеленген.
МАРИНА ФЕЛЬДМАН – КӘСІПКЕР
Бүгінде дүкенде екі сатушы еңбек етеді. Кәсіпкер әрі аудан тұрғыны ретінде Марина Фельдман қоғамдық маңызы бар оқиғалардан шет қалмайды. Алдағы референдум қарсаңында ол азаматтық белсенділік танытуды маңызды санайды.
МАРИНА ФЕЛЬДМАН – КӘСІПКЕР
Аудан кәсіпкерлері алдағы референдумды ел болашағына әр азаматтың өз үлесін қосуына берілген мүмкіндік деп бағалайды.