Қазақстанда жаңа Конституция жобасын талқылау жалғасып жатыр. Құжат елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге және азаматтардың құқықтық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Жоба бірнеше ай бойы арнайы құрылған жұмыс топтары мен комиссияларда қаралып, қоғам өкілдерінің ұсыныстары негізінде толықтырылуда. Мамандардың айтуынша, бұл бастама – ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басу және болашаққа бағдарланған құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба.
Аудандық мәслихат депутаттары да Конституция жобасына қатысты өз көзқарастарын білдіруде. Аққайың ауданы мәслихатының депутаты Еділ Жакеновтың пікірінше, құжатта ұлттық құндылықтар мен тарихи сабақтастық айқын көрініс тапқан. Сонымен қатар, алдағы өзгерістер халықтың шешім қабылдау үдерісіне тікелей қатысуын күшейтеді. Жаңа жоба елдің ұзақ мерзімді дамуына серпін беріп, қоғамдағы жауапкершілік пен бірлікті нығайтады. Жалпы алғанда, жаңа Конституция – Қазақстанның саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған және елдің болашағына сенімді негіз қалдыратын маңызды құқықтық құжат болып табылады.
ЕДІЛ ЖАКЕНОВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ