Қазіргі таңда білім беру ордаларында цифрландыру өте маңызды орын алады. Мұғалімдер сабақ өту барысында электронды күнделік, онлайн сабақ платформалары мен түрлі қосымшаларды қолданады. Сондықтан, оқушылардың цифрлық құқықтарын қорғау мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Жаңа Конституция жобасында азаматтардың цифрлық құқықтары нақты бекітілмек. Бұл оқушылардың жеке деректері, бағалары, фотосуреттері мен онлайн аккаунттарының қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз етеді деген сөз. Аяған Шәжімбаев атындағы №3 явленка орта мектебінің мұғалімі Индира Қайыржан егер бұл құқықтар Конституция деңгейінде ресми түрде бекітілсе, онда білім беру мен цифрлық кеңістікте сенімді, қауіпсіз орта қалыптасады деп сенеді.
ИНДИРА ҚАЙЫРЖАН, А.ШӘЖІМБАЕВ АТЫНДАҒЫ №3 ЯВЛЕНКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ