Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2026 жылға арналған жоспарлар. Су тасқыны кезеңіне дайындық іс-шаралары талқыланды. Жиында өңір экономикасының негізгі көрсеткіштері бойынша тұрақты өсім мен оң серпін байқалғаны атап өтілді.
Отырыста алдымен өңірдің экономикалық көрсеткіштері қаралды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы қысқа мерзімді экономикалық индикатор өсімі жағынан республикада төртінші орынға шықты. Ал биылғы қаңтар айында бұл көрсеткіш 13,1% болып, өңір үшінші орынға көтерілді.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:
2026 жылы өнеркәсіп - 7,7%, өңдеу өнеркәсібі - 6,6%, ауыл шаруашылығы - 5,8%, құрылыс - 35,1%, тұрғын үйді пайдалануға беру - 23%, сауда - 37,7%, дейін өсіп экономикада оң серпін байқалды. Бұл туралы СҚО экономика басқармасының басшысы мәлімдеді. Алдағы уақытта облыс экономикасын кемінде 7 пайызға өсіру міндеті қойылды. Президент атап өткендей, инвестиция тарту, өңдеу саласын дамыту және халық табысын арттыру негізгі басымдық болып қала береді.
НАТАЛЬЯ ДЫШКАНТ, СҚО ЭКОНОМИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Жиында ең ауқымды мәселе су тасқыны қауіпіне дайындық болды. Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында жалпы ұзындығы 24,5 шақырымды құрайтын 6 қорғаныш бөгетінің құрылысы мен реконструкциясы жүзеге асырылуда. Оның ішінде үш нысан Петропавл қаласында, тағы үшеуі Қызылжар ауданында. Жобалардың жалпы құны 14,2 млрд теңге, қазіргі таңда 13,3 млрд теңге қаржыландырылды.
ЖОМАРТ АСҚАРОВ, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫ:
Солтүстік Қазақстан облысында гидрологиялық жағдай да мамандардың жіті бақылауында. Облыс бойынша 27 гидрологиялық бақылау бекеті жұмыс істейді, олардың 19-ы тұрақты гидрологиялық бекеттер. Қазіргі кезде өзендерде қысқы су деңгейі 2025 жылмен салыстырғанда 3-21 см төмен. Сергеев суқоймасы 97% толы. Мамандардың мәліметінше биыл 112 ауылды су басу қауіпі бар.
ҚЫМБАТ МЕРҒАЛЫМОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:
Петропавл қаласында да су басу қаупі жоғары аймақтарда алдын алу шаралары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Қауіпті аумақтарға Заречный, Жұмысшы кенті, Былғары зауыты, Бірлік шағынаудандары кіреді. Жалпы қала бойынша су тасқыны қаупі бар 11 елді мекен анықталған. Қала әкімі Серік Мұхамедиев қазір қауіпті аймақта тұрғындарды көшіру басталғанын айтты.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен су тасқынына дайындық бойынша тиісті тапсырмалар берді.