Жаңа Конституция жобасының басты ерекшелігі – адам құқықтарына айрықша басымдық берілуі. Сарапшылардың пікірінше, бұл ұстаным тек жаңа преамбулада ғана көрініс таппай, бүкіл Конституцияның негізгі қағидатына айналған. Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, мемлекеттің жауапкершілігі нақты айқындалған.
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданына қарасты Саумалкөл ауылының тұрғындары да алдағы референдумнан үлкен үміт күтеді. Олардың айтуынша, Конституциялық өзгерістер ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашады.
МАРИНА ИСТХЕЕВА, АЙЫРТАУ АУДАНЫ, САУМАЛКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ