Сербия Қазақстанмен бірлесіп, жеміс негізіндегі балалар тағамын өндіруді жоспарлап отыр. Жеміс-жидек өсірумен танымал Гроцка қаласының өкілдері қазақстандық кәсіпкерлерге осындай ұсыныс білдірді. Қазақстан–Сербия іскерлік кеңесінің отырысында мамандар бұл бастаманың неге біздің елге бағытталғанын да түсіндірді. Олардың айтуынша, Қазақстанда тыңайтқыш өндірісі жақсы жолға қойылған. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Гроцка алқаптарында өсірілген жемістерден экологиялық таза әрі сапалы өнім шығаруға болады. Дайын тауарларды Қазақстан нарығына да жеткізу жоспарланған.

РАДE ИВЕТИЧ СЕРБИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ГРОЦКА МУНИЦИПАЛИТЕТІНІҢ ЖОБАЛЫҚ КООРДИНАТОРЫ

Қазіргі уақытта келіссөздер жалғасуда, нақты инвестициялық ұсыныстар әлі түспеген. Дегенмен, бұл Іскерлік кеңес екі ел үшін де тиімді ынтымақтастықты көрсетуге мүмкіндік берді

АРМАН ШАҚҚАЛИЕВ ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ