15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Негізгі заң жобасында отбасылық құндылықтарды қорғауға бағытталған нормаларға ерекше мән берілген. Құжатта отбасы – қоғамның табиғи әрі іргелі ұясы екені атап көрсетілген.

Отбасы-тұрмыстық қатынастарға 30-ыншы бап арналған. Ол төрт тармақтан тұрады. Екінші тармақта: «Неке - еркек пен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы» деп нақты жазылған. Бұл тұжырым Қазақстан Республикасындағы неке ұғымын айқындап, өзге түсіндірулерге жол бермейді. Әсіресе «ерікті» деген сөздің енгізілуі неке қиюға мәжбүрлеуге, соның ішінде қалыңдық алып қашу сияқты әрекеттерге конституциялық тұрғыдан тыйымды күшейтеді. Сонымен қатар, бапта бала, ана мен әке мемлекеттің қорғауында екені бекітілген.

ГҮЛДАНА АСАНОВА – ЖАМБЫЛ АУДАНЫ БОЙЫНША ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ