Елімізде жаңа Конституция жобасын талқылау жалғасып жатыр. Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, соның ішінде қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығын нақты бекіту мәселесі қарастырылуда. Бұл бастама қоғамның түрлі өкілдері арасында қолдау тауып отыр. Әсіресе жастар экологиялық құндылықтарға ерекше мән береді.

Жаңа жоба аясында табиғатты қорғау мемлекеттік деңгейдегі маңызды басымдықтардың бірі ретінде айқындалмақ. Бұл бағыт Президент бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» жобасымен үндес. Жастардың пікірінше, экологиялық саясат тек жоба аясында ғана емес, стратегиялық, ұзақ мерзімді құжат ретінде дамуы тиіс.

САЯ ЕРҚАНАТ, №3 АЯҒАН ШӘЖІМБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЯВЛЕНКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ, МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ