Қазақстан жаңа Конституция жобасында азаматтардың цифрлық құқықтарын бекітетін әлемдегі алғашқы елдердің бірі болмақ. Бұл бастама жеке деректерді қорғауға, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және заманауи технологияларға тең қолжетімділікті арттыруға бағытталған. Тимирязев ауданында жаңа IT-орталық ашылды.
Мұнда резиденттерді қабылдау белсенді жүргізілуде, стартаптарға қолдау көрсетіліп, бағдарламалау және жасанды интеллект саласындағы жобаларды дамытуға жағдай жасалуда. Орталық оқыту, инновацияларды енгізу және өңірдің технологиялық әлеуетін арттыру алаңына айналды. Басым бағыт – агроөнеркәсіптік кешенге қатысты жобалар. Мұнда жергілікті аграрийлерге өндірісті цифрландыруға көмек көрсету жоспарланған.
ЭЛЬДАР МЕЩЕРОВ, IT-ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Эльдар Мещеровтің айтуынша, жаңа Конституция жобасында алғаш рет «электронды кеңістіктегі» адам құқықтарын қорғау нормасы енгізілмек. Оның пікірінше, бұл – цифрлық технологиялар қарқынды дамыған замандағы заңды әрі уақтылы қадам. Әсіресе, жеке деректерді өңдеу мен киберқауіпсіздікке қатысты тәуекелдер ескерілген.
ЭЛЬДАР МЕЩЕРОВ, IT-ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Егер жаңа Конституция жобасы жалпыхалықтық референдумда қабылданса, қазақстандықтардың цифрлық ортадағы құқықтары Негізгі заң деңгейінде қорғалатын болады. Қазіргі уақытта бұл нормалар тек кодекстерде ғана көрсетілген.