СҚО Кәсіподақ орталығында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған іс-шара өтті. Жиынға облыстық салалық, жергілікті және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, мемлекеттік мекемелер мен ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында Конституция жобасындағы негізгі өзгерістерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін кеңейту, жаңа институттарды енгізу мәселелері талқыланды. Олардың қатарында вице-президент лауазымын енгізу, консультативтік-кеңесші орган – Халық кеңесін құру, Парламенттің өкілеттіктерін қайта қарау секілді бастамалар бар.

БАҒДАТ МҰҚАНОВА, СҚО ӘКІМДІГІ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Конституция – мемлекет пен қоғам арасындағы басты келісім. Тәуелсіздік жылдарында қабылданған Ата заңымызға биыл 35 жыл. Осы уақыт аралығында елімізде жаңа буын қалыптасты. Кеңес кезеңінің ауыртпалықтарын еңсерген Қазақстан жаңа қоғам құру жолында нық қадам жасап келеді дейді аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ерік Нұрақаев.

ЕРІК НҰРАҚАЕВ, «СҚО КӘСІПОДАҚ ОРТАЛЫҒЫ» АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Жиын барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Мамандар жаңа Конституция жобасы елдің саяси жүйесін жаңғыртып, азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтуге бағытталғанын атап өтті.