Петропавл қаласында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ғылым және технологиялар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, онлайн байланыс арқылы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. Іс-шара конституцияның жаңа жобасын талқылау аясында ұйымдастырылып, өңірдің ғылыми ортасы мемлекеттік құрылымдар, бизнес өкілдері мен студенттерді біріктірді.

Кеңес қатысушылары ең алдымен Tomorrow School аймақтық кампусында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Университет базасында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын жерді қашықтан зондтау кешені, сондай-ақ Kozybayev Labs ғылыми орталығындағы «Агрохимиялық аналитика» және «Су сапасын бағалау» зертханалары бар. Бұл зертханалар құны 938 млн теңге болатын заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұндай құралдар өңірде бұрын болмаған. Зертханаларда - топырақ құнарлылығы, мал азығының сапасы, тұқымдық материалдар, мал шаруашылығы өнімдері талданады.

ДМИТРИЙ БЕРИЛЛО, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ PHD ПРОФЕССОРЫ

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасындағы білімнің, ғылымның, инновацияның және технологиялардың басымдығы туралы нормалар талқыланды, сондай-ақ өңірдің ғылыми әлеуетін арттыру тетіктері қарастырылды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылым саласын қолдау еліміздің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ

Ал облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірде ғылымды қолдау көлемі айтарлықтай артқанын хабарлады. Бұған дейін 300 млн теңге болған қаржыландыру көлемі биыл 1,3 - 1,4 млрд теңгеге дейін өскен. Сонымен қатар енді ғылымға облыстық бюджеттен де қаржы бағыттау жоспарланып отыр.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Солтүстік Қазақстан облысында 31 ғылыми жоба жүзеге асырылып жатыр. Жаңа идеяларды қолдауға 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Университеттің басқарма төрағасы-ректор Ербол Исақаев соңғы жылдары ғылыми-зерттеу әлеуеті айтарлықтай артқанын айтты.

ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР

Жиын соңында өңірдегі 66 кәсіпорынмен салалық консорциумдар құру туралы келісімдерге қол қойылды. Бұл қадам ғылым, білім және бизнес арасындағы байланысты күшейтеді. Инновациялық экожүйені дамытады. Конституциялық реформалардың мақсаттарын практикалық тұрғыда жүзеге асыруға жол ашады.