Жаңа Ата Заң еліміздің жаһандану мен цифрлану кезеңіндегі тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, олардың әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін арттырудың маңызды тетігі болмақ. Бұл құжат құқықтық жүйені жаңғыртып, мемлекеттік басқару құрылымын одан әрі жетілдіруге негіз қалайды.

1995 жылғы бұрынғы Конституциямен салыстырғанда, жаңа жобаның басты ерекшеліктері айқын аңғарылады. Жаңа нұсқа заманауи талаптарға сай, ұлттық құндылықтарға сүйенген мазмұнға ие. Онда халқымыздың тарихи ерекшеліктері мен мәдени бірегейлігі кеңінен көрініс тапқан. Осылайша, жаңартылған Конституция тарихи-мәдени мұраларды сақтай отырып, мемлекеттік басқару жүйесін теңгерімді әрі қазіргі заман стандарттарына үйлестіре түседі.

СВЕТЛАНА МАЛИХТАРОВИЧ, КИОКУШИНКАЙ КАРАТЭДЕН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ