Елімізде жаңа Конституция жобасын талқылау қызу жалғасып жатыр. Бұл құжат мемлекет дамуының алдағы бағытын айқындайтын маңызды стратегиялық қадамдардың бірі ретінде қарастырылуда. Жоба преамбуладан, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. Мамандардың мәліметінше, ұсынылып отырған өзгерістер қолданыстағы Негізгі заңның шамамен 84 пайызына әсер етеді. Бұл – құжаттың мазмұндық тұрғыдан едәуір жаңартылатынын білдіреді. Жаңартылған жобада заң үстемдігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және әділеттілік қағидаттарын орнықтыруға басымдық берілген.

Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған. Жоба талқылауы түрлі сала өкілдерінің қатысуымен өтуде. Мамандардың айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекетті одан әрі дамытуға және елдің құқықтық жүйесін жетілдіруге бағытталған.

ВАЛЕНТИНА КОВТУН, ВЕТЕРИНАР ДӘРІГЕР, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ