Жаңа Конституция жобасында отбасы құндылықтарына айрықша мән беріліп, ана, әке мен бала мемлекеттің қорғауында екендігі айқын көрсетілген. Құжатта азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуы күшейтіліп, әділетті қоғам құру қағидаттары айқын көрініс тапқан. Бұл – аналар үшін ерекше маңызды. Өйткені әр ана өз баласының қауіпсіз, білімді, мәдениетті қоғамда өмір сүргенін қалайды. Конституциялық өзгерістер осы сенімді нығайтып, болашақ ұрпақтың мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданының тұрғындары алдағы референдумнан үлкен үміт күтеді. Олардың айтуынша, Конституциялық өзгерістер ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашады.

ГҮЛМИРА БАЛТАБАЕВА ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ