Солтүстік Қазақстан облысында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев мәлімдеді.
Жыл басынан бері облыста қызылшаның зертхана жағдайында расталған 15 жағдайы тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 42 пайызға төмендеген. 2025 жылы 26 жағдай тіркелген болатын. Аумақтық тиістілігі бойынша жағдайлардың 40 пайызы, яғни 6 дерек Петропавл қаласында анықталған. Сондай-ақ Ақжар, Мамлют және Уәлиханов аудандарында екі жағдайдан, Қызылжар, Шал ақын және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда бір жағдайдан тіркелген. Жас ерекшелігіне тоқталсақ, науқастардың басым бөлігі — 5 жасқа дейінгі балалар. Бұл жалпы көрсеткіштің 60 пайызын немесе 9 жағдайды құрайды.
ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ — СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ