Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған коалиция мүшелері Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті. Делегация өндіріс орындарын аралап, жұмысшыларға Жаңа Ата заң жобасын түсіндірді. Әділетті қоғам құру қағидаттары және азаматтық белсенділікті арттыру мәселелері талқыланды.
Оқушылар сарайында ұйымдастырылған жиынға ғылым, білім беру, мәдениет және тағы басқа салалардың өкілдері қатысты. 250-ге жуық адам жиналған басқосуда жаңа Конституция жобасының маңызы, әділетті қоғам құру қағидаттары және азаматтық белсенділікті арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жалпыұлттық коалиция мүшелері электротехникалық зауыт ұжымымен кездесті.
РАМАЗАН БАТЫРОВ, ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫСЫ
Делегация индустриалды креатив орталығына да ат басын бұрып, шығармашыл жастардың жобаларымен танысты. Ғылым саласын дамыту, зияткерлік меншікті қорғау – басым бағыттардың біріне айналмақ.
ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Коалиция мүшелерімен кездесуге қатысушылар Қазақстан әділеттілікке негізделген, заң үстемдігі сақталатын және адам құқықтары толық қорғалатын мемлекетке айналатынына сенім білдірді.